Мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Соловьев Мәскеу орталығында соққыға жығылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға түнгі уақытта болған. Спортшы өзінің азаматтық жары Анна Сидороваға ара түскен, осыдан барып жанжал төбелеске ұласқан.
"Дима жалғыз, ал оны соққыға жыққандар үшеу болды. Қазір Дмитрий ауруханада. Дәрігерлерден оның жағдайына байланысты хабар күтіп отырмыз, нақты диагноз бен оқиғаның салдары туралы", - дейді Соловьевтің менеджері.
"Матч ТВ" ақпаратынша, шабуыл жасады дегендер оқиға орнында ұсталған.