Мәнерлеп сырғанау
28 наурыз 13:09
 
10

Михаил Шайдоров Бостондағы ӘЧ-нің қысқа бағдарламасында үшінші болды

  Пікірлер

blog.share

Михаил Шайдоров Бостондағы ӘЧ-нің қысқа бағдарламасында үшінші болды ©Instagram/mikhail_shaidorov

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетті.

blog.share

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетті.

Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы өз бағдарламасы үшін 94,77 ұпай жинап, аралық үшінші орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламаны бірінші болып америкалық Илья Малинин (110,41 ұпай) аяқтады.

Екінші орынға жапониялық Юма Кагияма (107,09 ұпай) жайғасты.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 30 наурызға қараған түні өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!