Мәнерлеп сырғанаушы АҚШ-та өтетін турнирге қатысады

©ҚР ҰОК

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина ISU Cranberry Cup International 2025 турниріне қатысады.

АҚШ-тың Норвуд қаласында өтетін бұл жарыс 7 тамызда басталады.

9 тамыз күні әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудың қысқа бағдарламасы өтеді.

Еске салайық, Самоделкина соңғы әлем чемпионатында 14-орын алып, 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport