Мәнерлеп сырғанау
Бүгін 10:38
 

Мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты Алматыға ауыстырылды

  Пікірлер

blog.share

Мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты Алматыға ауыстырылды ©ҚР ҰОК

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2027 жылғы Төрт құрлық чемпионатын өткізу орны өзгергенін хабарлады.

blog.share

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2027 жылғы Төрт құрлық чемпионатын өткізу орны өзгергенін хабарлады.

Бастапқыда жарысты Астанада өткізу жоспарланған еді. Алайда Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағымен келісу нәтижесінде чемпионатты Алматыда өткізу туралы шешім қабылданды.

Байрақты бәсеке 9-14 ақпан аралығында «Алматы Арена» кешенінде өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан Төрт құрлық чемпионатын алғаш рет қабылдайды.

2025 жылы Михаил Шайдоров осы жарыста жеңімпаз атанса, 2015 жылы Денис Тен чемпион болды. Ал әйелдер арасында Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылы қола жүлдеге ие болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!