Венгрияның Будапешт қаласында ISU Challenger сериясына кіретін мәнерлеп сырғанаудан Budapest Trophy 2026 халықаралық турнирі аяқталды.
Жарыста Қазақстан атынан үш спортшы өнер көрсетті.
Ерлер арасындағы жекелей сында Никита Кривошеев 20-орынға тұрақтады. Қысқа бағдарламада 61,14 ұпай жинап, 17-орынға ие болды. Ал еркін бағдарламада 110,02 ұпай еншілеп, екі бағдарлама қорытындысы бойынша 171,16 ұпаймен жарысты аяқтады.
Әйелдер арасындағы жекелей сында Зере Сарбалина 36-орын алды. Ол қысқа бағдарламада 39,37 ұпай, еркін бағдарламада 55,50 ұпай жинады. Нәтижесінде қазақстандық спортшының жалпы ұпайы 94,87 болды.
Ерлер арасындағы жарыста италиялық Даниэль Грассль 268,84 ұпаймен жеңіске жетті. Ал әйелдер арасындағы сында бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Алина Горбачёва 203,35 ұпай жинап, турнир жеңімпазы атанды.
Жарнама