Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Эстониядағы Challenger турниріне қатысады

©ҚР ҰОК

Эстонияның Таллин қаласында Challenger сериясына кіретін мәнерлеп сырғанаудан Tallinn Trophy халықаралық турнирі басталды.

Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан намысын Никита Кривошеев пен Артур Смағұлов қорғайды.

18 қарашада спортшылар қысқа бағдарламаны орындаса, 19 қарашада еркін бағдарламада өнер көрсетеді.

Ерлер арасындағы бәсекеде 24 спортшы жүлдеге таласады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport