1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Мәнерлеп сырғанау
22 қаңтар 18:54
 

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Төрт құрлық чемпионатында үздік ондықта көрінді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Төрт құрлық чемпионатында үздік ондықта көрінді ©Telegram/samodelkina18

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті.

blog.share

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті.

Өз өнері үшін қазақстандық спортшы 62,29 ұпай алды. Бұл нәтиже оған аралық есепте тоғызыншы орын алуға мүмкіндік берді.

Қысқа бағдарламада жапониялық Ами Накаи 73,83 ұпаймен бірінші орынға шықты. 71,41 ұпайға ие болған тағы бір жапониялық спортшы Юна Аоки екінші орынға жайғасты. Ал Моне Чиба (Жапония) 68,09 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық Амира Ирматова 42,40 ұпаймен 21-орында келеді.

Еркін бағдарлама 25 қаңтарда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!