Мәнерлеп сырғанау
8 желтоқсан 06:38

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Хорватиядағы турнирде жүлде жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Загребте (Хорватия) өткен халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алды.

Қысқа бағдарламадан кейін отандасымыз жетінші орында тұрған еді. Алайда еркін бағдарламада бірнеше сатыға жоғары көтерілді.

Самоделкина жалпы есепте 182,63 ұпай жинап, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Америкалық Брэдди Тэннел (194,97) жеңіс тойын тойлады. Ал Финляндия спортшысы Лида Кархунен (187,05) екінші орынға ие болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport