Мәнерлеп сырғанау
11 тамыз 15:18

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы АҚШ-тағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

©

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина жаңа маусымдағы алғашқы медаліне қол жеткізді.

Казахстандық спортшы АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен жарыста сәтті өнер көрсетті.

Самоделкина күміс медаль жеңіп алды. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша Софья 203,15 ұпай жинады.

Ол тек америкалық Изабо Левитоға (207,61) ғана жол берді. Үшінші орынға Оңтүстік Кореядан барған Джиа Шин (179,97) ие болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport