Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде бесінші болды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде бесінші болды ©ҚР ҰОК

АҚШ-тың Эверетт қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының кезекті кезеңі мәресіне жетті.

blog.share

АҚШ-тың Эверетт қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының кезекті кезеңі мәресіне жетті.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина екі бағдарлама қорытындысы бойынша бесінші орынға ие болды.

Қысқа бағдарламадан кейін отандасымыз 61,03 ұпай жинап, 11-орынға жайғасқан еді.

Еркін бағдарламада Софья 137,56 ұпай еншілеп, төртінші орын алды. Осылайша, қос бағдарлама қорытындысында 198,59 ұпай жинаған қазақстандық спортшы бірден алты сатыға көтеріліп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

236,81 ұпай жинаған жапониялық Ами Накаи жеңімпаз атанды. Екінші орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Александра Игнатова (213,90) иеленді. Ал үздік үштікті тағы бір жапониялық Рино Мацуике (211,63) түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!