Венгрияның Будапешт қаласында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді.
Бұл жарысқа Қазақстан құрамасының өкілдері де қатысады.
Ерлер арасындағы жекелей сырғанауда Никита Кривошеев өнер көрсетеді. Әйелдер арасында Зере Сарбалина ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, халықаралық жарыс 15-18 қазан аралығында өтеді.