Мәнерлеп сырғанау
22 қыркүйек 14:55

Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан жекелей сында да Олимпиада жолдамасын алмады

©ҚР ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасын ала алмады.

Ерлер арасында өткен жекелей сайыста Диас Жиренбаев жалпы есепте 189.14 ұпай жинап, 14-орынға тұрақтады. 2026 жылғы Олимпиадаға бес үздік спортшы ғана жолдама алды.

Жолдама иегерлері:

1. Петр Гуменник (Ресей) – 262.82

2. Ким Хен Гем (Оңтүстік Корея) – 228.60

3. Донован Каррильо (Мексика) – 222.36

4. Кирилл Марсак (Украина) – 217.57

5. Ли Юйсян (Тайбэй) – 216.98

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport