Қазақастандық мәнерлеп сырғанаушы Хорватиядағы турнирде жетінші болды

©ҚР ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің қысқа бағдарламасында өнер көрсетті.

Өз бағдарламаcы үшін 52.28 ұпай алды. Осылайша аралық нәтижеде жетінші орынға табан тіреді.

Қысқа бағдарламада бірінші орынды АҚШ спортшысы Брэди Тэннел иеленді - 62.80 ұпай. Бельгиялық Нина Пинзароне 61.30 нәтижесімен екінші орынға тұрақтады. Ал Франция спортшысы Лиа Серна 60.75 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport