Фигурное катание
20 шілде 2018 09:13
 

Ильин Денис Теннің қазасы жайлы пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Ильин Денис Теннің қазасы жайлы пікір білдірді

Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин Алматыда шабуылдан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

blog.share

Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин Алматыда шабуылдан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл қасіреттен есеңгіреп қалдым. Ерекше спортшыдан айырылып қалдық, жүрегімізге қуаныш сыйлайтын тамаша жігіт еді, жап-жас болса да еліміз үшін көп еңбек етті. Інім Денис Теннен айырылып қалдық, әрбір кездескенімізде ақылымен, асқан әдебімен тәнті ететін", - деп жазды Ильин Instagram желісіндегі парақшасында. 

Оның айтуынша, Денис оған өмірде дамуына әрдайым шабыт сыйлаған. "Ал шын мәнінде оған қарап тұрып, мен үздік болуға тырысатынмын, іштей "Керемет жігіт өсіп келеді" деп ойлайтынмын. Жанымызда жоқ екенін түсінудің қаншалықты қиын екенін білсеңіздер. Денистің отбасы мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды ол.

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан ол ауруханада көз жұмды.

Жарнама

Живи спортом!