auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Францияда Денис Теннің құрметіне Гран-при өтеді

Гран-при 22-25 қарашада Гренобльде өтеді.

Францияда Денис Теннің құрметіне Гран-при өтеді
Францияның мәнерлеп сырғанау федерациясы қазақстандық әріптестерін ресми түрде мәнерлеп сырғанаудан Гран-придің алтыншы кезеңі Денис Тенді еске алуға арналғандығын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Коньки тебушілер ұлттық федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

"FFSG Атқарушы Кеңесі (француз федерациясы) жарыстың бір күнін зұлым, жансыз адамдардың қолынан мерт болған беделді мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тенуге арнауды жоспарлап отыр. Денис Францияда жиі конькимен сырғанайтын, оның ішінде өткен жылы елде өте танымал болған. Көрермендер оны мейірімділігі мен ашықтығы үшін жақсы көретін", - делінген FFSG-дың ҚР Коньки тебушлер ұлттық федерациясының жіберген ресми хатында.

Гран-при 22-25 қарашада Гренобльде өтеді.

"Мұндай уақытта біз сіздердің және Денистің отбасының қайғысына ортақпыз. Жарысты Денистің құрметіне арнағымыз келеді, себебі оны француз мәнерлеп сырғанаушылар қауымы ешқашан ұмытпайтынын еске салғымыз келеді", - делінген FFSG хабарламасында.

Денис Тен - қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, 2011 жылға Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Сонымен бірге Тен 2015 жылғы төрт континенттің (АҚШ,Канада, Қытай, Жапония, Корея) және 2017 жылғы Универсиада чемпионы.

Ол ISU эгидасымен өткен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, Гран-при жүлдегері. Үш Олимпиадаға қатысқан. 2010 жылы алғаш рет Қазақстанды Ванкувердегі (Канада) Олимпиада ойындарында таныстырды, онда ерлер арасында ең жас қатысушысы болды (16 жаста). 2013 жылдан бастап Денис "Денис Тен және достары" мұз айдыны шоуын өткізеді, ол жобаның авторы және продюссері саналады. 2018 жылдың 9 маусымында өткен мұз айдыны шоуы елорданың 20 жылдығына арналған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар