Ертең Алматыда Денис Тен мемориалы халықаралық турнирі басталады

©ҚР ҰОК

Ертең, 8 қазанда Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы халықаралық турнирі басталады.

Қазақстан атынан жарысқа тоғыз спортшы қатысады.

Ерлер арасындағы жекелей сында Диас Жиренбаев өнер көрсетеді.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Софья Самоделкина, Амина Алексеева, Амира Ирматова, Алика Халимова, Зере Сарбалина және Нұрия Сүлеймен бақ сынайды.

Мұздағы биде Қазақстан намысын Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев қорғайды.

Турнир 11 қазанда аяқталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport