auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан үшін тарихи медаль жеңіп алды

Тұрсынбаева ешбір қателіксіз төтрттік сальхов әдісін орындады

Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан үшін тарихи медаль жеңіп алды
© Фото: Olimpic.kz
Элизабет Тұрсынбаева Сайтамеде (Жапония) өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол әлем чемпионатында подиумға көтерілген қазақстандық ретінде тарихқа енді. Тұрсынбаеваның жалпы ұпайы 224.76 болды. Алтын медальді ресейлік Алина Загитова иеленді. Оның ұпай саны 237.50. Қола медальді тағы бір ресейлік спортшы Евгения Медведева жеңіп алды. Оның ұпайы 223.80.



Еркін бағдарламада Тұрсынбаева ешбір қателіксіз төтрттік сальхов әдісін орындады. Ол әдіс тарихи сәт болды. Осыған дейін бұл әдісті әлемде ешкім жасамаған. Төрешілер Тұрсынбаеваның көрсеткен өнеріне 148.80 ұпай қойды. Осы ұпайдың арқасында ол күміс иеленді.

"Бұл жылы ол ресейлік жаттықтырушы Этери Тутберидзенің қол астына өтіп басқа деңгейге көтерілді. Мен оны қазір танымай қалдым. Ол секірулерді басқаша жасайтын болды. Оның шеберлігі өсті. Негізі ол басқа жерге кетіп қалған, бірақ қайтадан оралып қазір осы жерде жаттығады", - деді КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова.


Элизабет Тұрсынбаева, Алина Загитова,  Евгения Медведева



Осыған дейін спортшы қыз орындаған қысқа бағдарламасы да тарихқа енді. Ол алғаш рет аралық үшінші орынды иеленді, ол тек жапондық Каори Сакамото мен ресейлік Алина Загитованы алдыға жіберіп қойды. Осыған дейін мұндай дәрежеге біздің спортшылар жетпеген. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спортшының жеңіп алған екінші орынын тарихи сәт деп мәлімдеді.

"Біздің Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында екінші орынды иеленді. Бұл өте қуанышты жағдай! Әлем чемпионатында ол ересектердің арасында төрттік сальхов әдісін орындады. Жеткен жеңісіне құттықтаймын, оның ата-анасы мен жаттықтырушыларын да құттықтағым келеді. Бүкіл қазақстандықтарды осы таңғаларлық жеңіспен сүйіншілеймін. Біз өте қуаныштымыз!", - деп жазған Мұхамедиұлы өзінің Facebook парақшасында.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар