auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Элизабет Тұрсынбаева Финляндияда өткен халықаралық турнирде екінші орын алды

Отандасымыз ресейлік Елизавета Токтамышевадан бар болғаны 2,11 ұпайға ғана қалып қойды.

Элизабет Тұрсынбаева Финляндияда өткен халықаралық турнирде екінші орын алды
Группа Этери Тутберидзе (vk.com)
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Финляндияның Эспоо қаласында өткен "Finlandia Trophy Espoo" халықаралық турнирінде екінші орын алды.

Екі бағдарламаны да сәтті орындап шыққан Элизабет жарыс жеңімпазы атанған ресейлік спортшы Елизавета Токтамышевадан бар болғаны 2,11 ұпайға ғана қалып қойды.

Қысқа бағдарламада отандасымыз 70,95 ұпайға қол жеткізіп, жеке рекордын жаңартты.



Еркін бағдарламада Элизабет 129,79 ұпай еншіледі. Қос бағдарлама нәтижесі бойынша күміс медальға қол жеткізді.



Жарыста жеңімпаз атанған Елизавета Токтамышева екі бағдарлама бойынша 202,85 ұпай жинады. Қола медальды фин спортшысы Вивека Линдфорс (187,19 ұпай) иеленді.

Элизабет Тұрсынбаева "Finlandia Trophy" халықаралық турнирінде жүлде алған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды. Осыдан 7 жыл бұрын бұл жарысқа алғаш болып Абзал Рахымғалиев қатысып, 12-орыннан көрінген.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қыркүйек айында Словакия елінің астанасы Братиславада өткен "Ondrej Nepela Trophy" Челленджер сериясындағы жарыста да екінші орын алған болатын.

Айта кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева ресейлік маман Этери Тутберидзенің командасына маусым айында қайта оралған еді. 

Спортшы мен жаттықтырушының келісімі 2022 жылғы Пекин Олимпиадасына дейін жасалған. 18 жастағы отандасымыз ресейлік маманмен 2012-2013 жылдары жаттыққан. Одан кейінгі 5 жылда канадалық Брайан Орсер жаттықтырды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар