auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Денис Теннің өліміне қатысты жаңа деректер. Қасымов мәлімдеме жасады

Қасымов Дениске шабуыл жасалған күні Ақтауда болғанын айтып өтті.

Денис Теннің өліміне қатысты жаңа деректер. Қасымов мәлімдеме жасады
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өліміне қатысты жаңа деректерді айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күдіктілердің қандай мақсаты болғаны - барлығы сотта тағы анықталады. Алматыда тұрған күдіктілердің екеуі де басқа қалалардан келген. Олардың әрқайсы үш рет сотты болған. Бастапқыда көлік жуушы болып жұмыс істеген, кейінне ақырындап көлік айналарын ұрлаумен айналыса бастаған. Оларға сол кезде ақша керек болған. Тұрып жатқан жерлеріне төлеу үшін. (...) Құжатсыз, ештеңесіз келіп пәтер жалдап тұрған. Басқа елде осындай болса, қалай болар еді, елестетіп көріңіздерші. Міне, біз қылмыскерлер үшін жағдай жасаймыз," - деді Қасымов брифинг барысында.

"Олар таңертең шығып, қылмыс жасайтын жерді іздестірді. Осы көліктің маңынан екі рет өткен, көліктің қымбат екенін білген. Айналарын көрген, онда ешқандай да жазбалардың жоқтығын анықтаған. Қазір көбі нөмірлерін жазып қояды ғой.  (...) Содан көліктің маңына барып тоқтаған. Қылмыс жасап жатқан кезде Денис келіп қалған. Денис олардың соңынан қуып, жетіп алған. Күдіктілердің бірін қысып ұстап тұрғанда, екіншісі Дениске келіп пышақ салған. Олардың мақсаты қандай болды? Өлтіргісі келді ме, жоқ па - барлығы сотта анықталады", - деді ведомство басшысы.



Қасымов Дениске шабуыл жасалған күні Ақтауда болғанын айтып өтті.

"Маған қылмыс жайлы хабарлады. Барлығын бақылауда ұстадық. Түні бойы байланыста болдық. Қылмыскерлерді анықтап, бірінші күдіктіні ұстадық. Картинаның қалай болғанын түсіндік. Екінші күдіктіні ұстау қиынға соқты: ол жасырынып жүрді, тұрақты мекенжайы болған жоқ. Көбірек күш жұмылдыру туралы шешім қабылданды. Ықшамауданды қоршауға алып, ұстадық. Үш түн ұйықтамадық", - деді ІІМ басшысы.

Мұның алдында ІІМ басшысы Денис Теннің өлімі бойынша тергеудің қалай жүріп жатқанын айтып берген болатын.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар