auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Денис Теннің өлімі бойынша істегі күдіктінің анасы: "Қызым ол жігіттер жайлы айтпайтын"

Жанар бастауыш сынып оқушыларының мұғалімі мамандығына оқыған екен.

Денис Теннің өлімі бойынша істегі күдіктінің анасы: "Қызым ол жігіттер жайлы айтпайтын"
Денис Тен. © latimes.com
Денис Теннің өлімі бойынша істегі күдікті 22 жастағы Жанар Толыбаеваның анасы қызымен болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, өз болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гүлстан Ілиясованың айтуынша, қызы бұл қылмыс жайлы күдіктілердің бірі айтып, ол жайлы ешкімге айтпауын сұраған. Содан қызы жасалған қылмыс жайлы ешкімге айтпаған, сол себепті де ол қылмысты хабарламағаны үшін айыпталып отыр.

"Жанар өте белсенді қыз болатын, барлық іс-шараға қатысатын. Волейбол ойнайтын, жарыстарға қатысып, жеңіске жететін. Ауылда ол ешкіммен сөзге келіп қалмайтын. Қазір ол сол жігіттермен сол келісімге келді деп айыпталып жатыр. Менің қызымның кінәсі жоқ", - дейді Гүлстан.

Қыздың 14 шілдеде Жамбыл облысынан Алматыға келгені айтылады. Жанар бастауыш сынып оқушыларының мұғалімі мамандығына оқыған екен. Ал биыл жазда ол кафеде даяшы болып жұмыс істемекші болған.

"Отбасымызда 11 адам, менің алты балам бар. Әкесі зауытта жұмыс істейді, қазір денсаулығына байланысты екі ай уақыт жұмыс істемей жүр. Қызым ол күдіктілермен пәтерде бірге тұрған құрбысы арқылы танысқан.

Ол жігіттер Астанадан Алматыға 17 шілдеде келген. Олар ол уақытқа дейін таныс болмаған. Қиясов менің қызымның жігіті болды. Бірақ қызым олар жайлы айтпайтын", - деп еске алды әйел.

Айта кетейік, 22 жастағы Жанар Толыбаева Денис Теннің өлімі бойынша істе үшінші күдікті ретінде өтіп жатыр. 27 шілдеде ол 2 айға қамауға алынған болатын. ІІМ басшысы Жанар Толыбаеваның Жамбыл облысынан келгенін және Алматыда даяшы болып жұмыс істегенін айтқан еді.

Денис Теннің өлімі бойынша ұсталған адам жайлы не білеміз?

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар