auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Денис Теннің өлімі бойынша істегі күдікті қыз мас күйде заңбұзушылық жасаған

Cот отырысында ол кінәсін мойындады.

Денис Теннің өлімі бойынша істегі күдікті қыз мас күйде заңбұзушылық жасаған
© instagram.com/tenis_den
Денис Теннің өлімі бойынша істегі күдікті Жанар Толыбаева мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап.

ҚР Жоғарғы сотындағы сот актілерінің базасындағы материалдарға сүйенсек, 2018 жылдың 7 сәуірінде сағат 3.30-да Жанар Толыбаева Жібек жолы мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында мас күйде "Kia Shuma" көлігімен келе жатқан.

Нәтижесінде күдікті ҚР Әкішілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі бойынша ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру") әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Cот отырысында ол кінәсін мойындады.

Жамбыл облысы Қордай аудандық соты Жанар Толыбаеваны үш жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім шығарған.

Айта кетейік, 22 жастағы Жанар Толыбаева Денис Теннің өлімі бойынша істе үшінші күдікті ретінде өтіп жатыр. 27 шілдеде ол 2 айға қамауға алынған болатын. ІІМ басшысы Жанар Толыбаеваның Жамбыл облысынан келгенін және Алматыда даяшы болып жұмыс істегенін айтқан еді.

Денис Теннің өлімі бойынша ұсталған адам жайлы не білеміз?

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар