auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Денис Тен Астанада Әлемдік спорт жұлдыздарының басын қоспақшы

Денис Тен Астанада Әлемдік спорт жұлдыздарының басын қоспақшы
9 маусым күні Астанада «Денис және оның достары» атты түрлі ел спортшыларының басын біріктірген дәстүрлі мұзды шоу өтеді. Бүгінге дейін отандық жанкүйерлерге естен кетпес шоу сыйлап, әлем жұлдыздарын елге қонақ еткен Денистың биылғы бағдарламасы көптеген тосынсыйларға толы деп хабарлайды ұйымдастыру комитеті.

Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан мұзды шоу «Барыс Арена» мұз сарайында өтеді. Бүгінде спорттық нысанда мәнерлеп сырғанау кешіне қарқынды дайындық жүргізілуде. Бір қызығы, Денистің шоуына Астана тұрғындарынан бөлек, шетелдік жанкүйерлер де билет сатып алуда.

Денис Теннің Астанадағы шоуында өнер көрсететін әлемдік спорт жұлдыздарының қатарында 2014 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, 2012 жылғы әлем чемпионы және Еуропаның бес дүркін жеңімпазы Каролина Костнер, 2015 және 2016 жылғы Еуропа чемпионаттарының күміс жүлдегері, Гран-при кезеңдерінің жеңімпазы, командалық есепте Сочи Олимпиадасының жүлдегері Елена Радионова, АҚШ-тың төрт дүркін чемпионы Джереми Эббот, 2012 жылғы бірінші Жасөспірімдер Олимпиадасының және Азия чемпионатының жеңімпазы Янь Хань, 2018 жылғы Олимпиада және әлем чемпиондары Алена Савченко мен Бруно Массо, сондай-ақ, Гран-при финалдарының екі дүркін чемпионы, «Төрт құрлық» додасын екі мәрте жеңіп алған канадалық Кейтлин Уивер мен Эндрю Поже бар.

Мұзды шоудың құрметті қонағы ретінде әлемдік мәнерлеп сырғанау тарихындағы орны ерекше маман, талай Олимпиада және әлем чемпиондарын дайындаған даңқты бапкер Татьяна Тарасова шақырылып отыр.

«Татьяна Анатольевна – ол әйгілі бапкер ғана емес, мәнерлеп сырғанау әлеміндегі беделді тұлға. Ол ең бірінші кезекте маған өз принциптеріме адал болуды үйреткен ұстазым. Оның Қазақстанға келуі мен үшін үлкен мәртебе. Мен оған тек қана мұзды шоуды көрсетіп қоймай, еліміздің тарихын таныстырып, 20 жасқа толған Астанамыздың көркі туралы айтқым келеді. Татьяна Тарасованың келуі мен үшін үлкен құрмет», — дейді Денис Тен.

Айта кетейік, мұзды шоу 9 маусым күні саған 18:00-де «Барыс арена» мұз сарайында өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:

Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар
20 шілде, 09:26
Мәнерлеп сырғанау
Төрт құлық чемпионы карьерасын аяқтады Төрт құлық чемпионы карьерасын аяқтады
22 маусым 2019, 12:11
Мәнерлеп сырғанау
Алматыда Денис Тен ескерткіші ашылды Алматыда Денис Тен ескерткіші ашылды
25 желтоқсан 2018, 12:23
Мәнерлеп сырғанау
Адвокат Денис Тенді тапсырыспен өлтіргенін айтты Адвокат Денис Тенді тапсырыспен өлтіргенін айтты

Жарнама

Жарнама