auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Денис Тен алғаш рет Олимпиаданың финалдық кезеңіне шыға алмады

Отандасымыз 30 қатысушының ішінде финалдық кезеңге өтетін 24 спортшы қатарына қосыла алмады.

Денис Тен алғаш рет Олимпиаданың финалдық кезеңіне шыға алмады
olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Пхенчхандағы доданы қысқа бағдарламадан кейін-ақ аяқтады. Отандасымыз 30 қатысушының ішінде финалдық кезеңге өтетін 24 спортшы қатарына қосыла алмады.

Жарақатынан жаңа айығып жүрген қазақстандық спортшы үшін Пхенчхандағы ақ Олимпиада сәтсіз өтті. Қысқа бағдарламада Денис 70,12 ұпай жинап, нәтижесі төмен болды. 30 спортшы ішінде 27-орынға табан тіреді.

- Осыған дейін де айтқанымдай, бұл маусым мен үшін өте қиын болды. Дегенмен де Пхенчханға келіп, өнер көрсетіп жатқанымды мақтан тұтамын. Себебі мен күнделікті ұйықтар алдында аяғымның ауырып жатқанын сезетінмін. Бұл мен үшін күнделікті күрес болып кетті. Пхенчханға қатты келгім келді. Осында келгеніме қуаныштымын. Бірақ, өкінішке қарай, барлығы ойдағыдай болмады. Дегенмен көңілімді түсірмеймін. Болашақта бабыма келуге тырысамын", - деді ДенисТен.

Сондай-ақ, мәнерлеп сырғанаушы соңғы рет Оңтүстік Корея жерінде жарақат алып, балдақ және гипспен қайтқанын да айта кетіп, Олимпиадаға барын сала дайындалғанын да жасырмады.

- Спорт құрбандықты талап етеді, бірақ мен ақталуды қаламаймын. Мен расымен де, турнирге барынша дайындалдым. Қанша күш салып, дайындалсаң да үмітіңнің ақталмағаны жаман. Бірақ бұл өмір ғой. Сәтсіз өнер көрсеткенімен қарамастан алда мені және бүкіл Қазақстан құрамасын тамаша жетістіктер күтуде деп білемін. Ал үшінші Олимпиада қатысқаныма қуаныштымын, соңғысы емес деп ойлаймын, - деді спортшы.

Қысқа бағдарлама бойынша жапон Юдзуру Ханю көш бастады. Ол 111,68 ұпайға ие болды. Екінші орында испан Хавьер Фернандес келеді. Оның өнерін төрешілер 107,58 ұпаймен бағалады. Үздік үштікті тағы бір жапон мәнерлеп сырғанаушысы Шома Уно (104,17 ұпай) түйіндеп тұр.



Денис Тен қысқы Олимпиада ойындарына 2010 жылы алғаш рет қатысты. Ол ерлер арасындағы ең жас спортшы болды. Ол кезде отандасымыздың жасы 16-да еді. Жарыс қорытындысы бойынша 11-орын алды. Сочиде Қазақстан құрамасының қоржынына түскен бір қоланы еншіледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар