auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Бауыржан Байбек Денис Теннің өлімі жайлы: Мұндай трагедия қайталанбауы үшін қолдан келгенді жасау қажет

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын.

Бауыржан Байбек Денис Теннің өлімі жайлы: Мұндай трагедия қайталанбауы үшін қолдан келгенді жасау қажет
© Tengrinews.kz
Бауыржан Байбек Алматыда Денис Теннің есімін мәнгі есте сақтау мәселесін жеке бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денис Тенмен болған қайғылы жағдай бүкіл әлемді дүрліктірді. Біз қазақстандықтардың ауызбірлігін, жаны ашығандарын және күйінішін көрдік. Денистің ата-анасымен екі рет кездестім. Алдыңғы күні анасымен көрістік", - деді Бауыржан Байбек Қоғамдық кеңестің отырысы барысында.

"Алматы қаласы жыл сайын жастар арасында мәнерлеп сырғанаудан өтетін халықаралық турнирге әлем жұлдыздарын шақырады. Алматы - қысқы спорт түрлерінің қаласы. Сондықтан бұл турнир біздің қаламыз үшін керек. Ескерткіш орнату жайлы да айтқан болатынбыз. Құрамында Денистің анасы болатын арнайы комиссия ұйымдастырдық. Байқау жариялаймыз. Спортшының туыстарында Денис Тен жайлы кітап жазуға болатын материалдар бар. Сондай-ақ, біз қажетті қаржылай көмек көрсетеміз. Осы мәселенің барлығы менің жеке бақылауымда болады. Бізге берілген тапсырма - Бауыржан Байбек Денис Теннің өлімі жайлы: Мұндай трагедия қайталанбауы үшін қолдан келгенді жасау қажет", - деді Алматы әкімі.

Мұның алдында Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек қоғам белсенділері ІІМ мен ІІД басшылығын ауыстыруды талап ететіндерін мәлімдеген еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар