auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Денис Теннің атына мәнерлеп сырғанау академиясын ашуды жоспарлап отыр.

Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылады
© Tengrinews.kz
Алматыда Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылады, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жобаны іске асырумен қалалық әкімдік айналысады. Отбасы мүшелерімен бірге арнайы комиссия құрылып, кәсіби мүсіншілердің арасында байқау ұйымдастырылады.

Өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Денис Теннің атына мәнерлеп сырғанау академиясын ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, арнайы қоғамдық қордың тіркелу жұмысы жүріп жатыр.

"Құрметті Денистің достары мен жанкүйерлері! Денис Теннің отбасының атынан барлық қазақстандыққа осындай қиын кезеңде бізге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын! Бұл уақыт аралығында Денис мәңгі есте қалуы үшін көптеген ой мен ұсыныс айтылды. Мемлекеттік органдармен бірге мұндай жұмыс басталып кеткенін қоғамға айтқым келеді. Денистің жобасын іске асыру үшін қазір арнайы қоғамдық қорды тіркеу жүріп жатыр. Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің басшылығымен кездесуде бірқатар ұсыныс айттым. Оның барлығы қолдау тапты", - деді марқұмның анасы Оксана Тен.

Алматы қаласы әкімдігі Денис Тенді еске алу үшін жыл сайын мәнерлеп сырғанаудан Халықаралық турнир өткізу міндетін алды деп хабарланды.

"Сонымен қатар, әкімдік Денис туып, өмір сүрген үйге еске алу тақтайшасын қоюға және Денис туралы кітаптың басылымына көмектесуге уәде берді. Қазір Денистің достарымен бірге кітапқа мәлімет дайындап жатырмыз. Біраз уақытта Денис Тенге арналған қор кеңсесінің мекенжайын хабарлаймыз. Бізге қазір қандай да бір көмек көрсетіп жүрген жандарға алғысымыз шексіз! Денистің идеялары жүзеге асатынына сенімдімін!", - деп жазды Оксана Тен.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар