auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Алматыда Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шықты

Үш адам сотталды.

Алматыда Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шықты
Бүгін, 17 қаңтарда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімді судья Кеңшілік Әбділдинов оқыды.



Сот үкімі жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де шықты.

"Құдайбергенов кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылсын. Қиясов кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан ауырылсын", - деді судья.



Сондай-ақ сотталушы Жанар Толыбаева төрт жыл бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейлі мекемеде өтейді. Оның жүктілігіне байланысты жазасын кейін өтеу сұралған, алайда судья кейінге шегеруді мақұлдаған жоқ.

Кеше, 16 қаңтарда сотталушылар Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева сотта соңғы сөзін айтқан болатын. Құдайбергенов ұрлық, қарақшылық жасады және адам өлтірді деп айыпталса, Қиясов қарақшылық пен адам өлтірді деп айыпталып отыр. Ал Толыбаева ұрлық және қылмыс туралы хабарламағаны үшін сотталып жатыр.

Мұның алдында прокурор сотталушыларды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. "Арман Құдайбергеновті айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Нұралы Қиясов айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Жанар Толыбаеваны айыпты деп танып, оны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын", - деген еді прокурор Досов.



Еске салайық, былтыр 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар