Фигурное катание
30 наурыз 2017 21:05
 
ӘЧ-2017. Денис Тен қысқа бағдарламада 9-орын алды

  Пікірлер

blog.share

ӘЧ-2017. Денис Тен қысқа бағдарламада 9-орын алды Japan Times

Мәнерлеп сырғанаудан Финляндия елінің астанасы Хельсинкиде өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Денис Тен қысқа бағдарламада 9-орын алды.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы өз жаттығуын сәтті орындап шықты. 90,18 ұпай жинап, маусымдағы ең үлкен нәтижесіне қол жеткізді.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша испандық Хавьер Фернандес көш бастап келеді. Ол 109,05 ұпайға қол жеткізді. Жарыс фавориттерінің бірі жапон Шома Уно 104,86 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Канадалық Патрик Чен (102,13 ұпай) үштікті түйіндеп тұр.

Денис Тен 9-орынмен еркін бағдарлама кезеңіне өтті. Бұл кезеңге спортшылар 1 сәуір күні шығады. Отандасымыз алғашқы ондықтағы орнын сақтап қалса, 2018 жылғы Олимпиада ойындарына екі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қатысатын болады.

Айта кетейік, Денис Тен 2014 жылы әлем чемпионатында күміс медаль, араға 1 жыл сала қола медаль жеңіп алған болатын.

Жарнама

Живи спортом!