1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Фехтование
Бүгін 16:34
 

Тарихи финал: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатының алтынына таласады

  Пікірлер

blog.share

Тарихи финал: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатының алтынына таласады ©ҚР ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден тарихта алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты.

blog.share

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден тарихта алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты.

Гонконгта өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық шпагашылар Мысыр құрамасын 41:32 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының кемінде күміс жүлдесін қамтамасыз етіп, өз тарихында ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы ең жоғары жетістігі 2025 жылы жеңіп алған қола медаль болатын.

Финалда қазақстандықтар Украина мен Израиль құрамалары арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Кездесу Астана уақытымен сағат 15:30-да басталады.

Еске салайық, командалық жарыста Қазақстан намысын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов қорғауда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!