12-14 қараша аралығында Швейцарияның Берн қаласында семсерлесуден ерлер арасында әлем кубогының кезеңі өтеді.
Қазақстан құрамасы шпагадан жекелей және командалық жарыстарда бақ сынайды.
Жекелей сында Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Аңсар Қасен, Руслан Курбанов, Богдан Лукин, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов және Георгий Тинников ел намысын қорғайды.
Ал командалық жарыста Қазақстан атынан Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов сынға түседі.
Айта кетейік, қазан айында Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Марокконың Касабланка қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде топ жарды. Осы жеңістен кейін ұлттық құрама әлемдік рейтингте көш бастап тұр.
Жарнама