Индонезияның Бали қаласында өтіп жатқан семсерлесуден сары құрлық бәсекесінде Қазақстан ерлер командасы 2-орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Финалда Қазақстан мен әлемдегі көшбасшының бірі, Олимпиада чемпионы Жапония құрамасы сынға түсіп, 24-45 есебімен қарсылас жеңіске жетті.
Біздің команда (сапы): Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов;
Айта кетейік, жарыс барысында Қазақстан құрамасы 1/16 кезеңде Түркменстаннан, кейін Сингапурды, жартылай финалда Қытайдан басым түсті. Осыған дейін чемпионатта Вадим Шарлаимов жекелей сында қола жүлдегер атанған болатын.