Семсерлесу
Бүгін 13:13

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына өтті

©ҚР ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында ширек финалға жолдама алды.

Командалық шпага сайысының 1/8 финалында қазақстандық семсерлесушілер Өзбекстан құрамасына қарсы тартысты кездесу өткізді. Матч 28:27 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Финляндияны 45:39 есебімен жеңді. Енді Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходовтан құралған команда ширек финалда Дания құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, бүгін, 29 шілдеде, сабля бәсекесінде әйелдер арасында командалық жарыстар да өтуде. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик және Қайша Жәнібек алғашқы кездесуінде Украина құрамасына 33:45 есебімен есе жіберді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport