Халықаралық семсерлесу федерациясы Үндістанның Дели қаласында өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысушылардың тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасының алдын ала өтініміне 22 спортшы енгізілді.
Шпага сайысында ел намысын Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Кирилл Проходов, Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук және Дарья Самоделкина қорғайды.
Сабля бағдарламасында Артём Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Жанат Нәбиев, Назарбай Саттархан, Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Қайша Жаныбек және Анастасия Гулик бақ сынайды.
Рапира бәсекелерінде Тамирлан Қалиев, Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов, София Актаева, Алёна Гноева және Алина Искандерова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, құрамға енгізілген спортшылар тізіміне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Құрлық біріншілігі 19-24 маусым аралығында өтеді.
Жарнама