1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Семсерлесу
Бүгін 10:49
 

Семсерлесуден Астанада өткен Әлем кубогында Қазақстан бір ғана жүлде алды

  Пікірлер

blog.share

Семсерлесуден Астанада өткен Әлем кубогында Қазақстан бір ғана жүлде алды ©ҚР ҰОК

Қазақстанның семсерлесу бойынша шпагашылар құрамасы Астанада өткен Әлем кубогындағы өнерін қорытындылады.

blog.share

Қазақстанның семсерлесу бойынша шпагашылар құрамасы Астанада өткен Әлем кубогындағы өнерін қорытындылады.

Бағдарламаның соңғы түрі ретінде ерлер арасындағы командалық жарыстар өтті.

Қазақстандықтар үшінші орын үшін матчқа дейін жетті. Эльмир Алимжанов, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов және Александр Федотов қола медаль үшін Жапониямен сынға түсті.

Тартысты өткен кездесуде Жапония құрамасы екі ұпай айырмасымен жеңіске жетті — 44:42. Қазақстан құрамасы төртінші орын алды.

Осылайша, турнир қорытындысы бойынша Қазақстан бір медальмен шектелді. Бір күн бұрын Руслан Курбанов жекелей сында күміс жүлдеге ие болған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!