Семсерлесу
12 мамыр 2025 15:18

Құрбанов Гран-при турнирінде күміс алды

©ҚР ҰОк

Семсер қаруымен айқасудан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Руслан Құрбанов Богота (Колумбия) қаласында өткен Гран-при турнирінде күміс жүлдеге ие болды.

Жартылай финалда Құрбанов Өзбекстан өкілі Вадим Анохинді 15:14 есебімен жеңді.

Алайда шешуші финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы жапониялық Акира Коматаға 10:15 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, өзбекстандық Вадим Анохин мен француз Луиджи Мидельтон үшінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, Ерлік Сертай да үздік ондықтың қатарына еніп, турнирді сегізінші орынмен аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport