Семсерлесу
Кеше 16:11

Қазақстандық семсершілер Италиядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады

©

Қазақстан ерлер құрамасы қылыштасудан Италияның Падуя қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады.

Құрама сапына жеті спортшы енді.

Ел намысын Артем Саркисян, Бексұлтан Абжал, Қуаныш Ерғашбай, Жанат Нәбиев, Қайназар Нұрқатұлы, Назарбай Саттархан, Нұрмұхаммед Жайлыбай қорғайды.

Әлем кубогының кезеңі 17-19 сәуір аралығында өтеді.

Айта кетейік, 2023 жылы Падуяда өткен осы жарыста Артем Саркисян күміс медаль жеңіп алған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport