Семсерлесу
Бүгін 13:26

Қазақстандық семсерші Әлем кубогі кезеңінде алтын жүлде жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Айбар Қайым Германиядағы кадеттер арасындағы Әлем кубогінің кезеңінде жеңімпаз атанды.

Отандасымыз семсерлесудің қылыш түрі бойынша сайыста топ жарды.

Финалда Айбар Қайым Германия өкілі Джастин Льюді 15:13 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін де спортшы Әлем кубогының кезеңдерінде екі мәрте жеңіске жеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport