Қазақстандық семсерлесушілер Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

©ҚР ҰОК

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандастарымыз финал үшін өткен ойында Оңтүстік Корея құрамасына 45:41 есебімен жол беріп алды. Нәтижесінде жарысты үшінші орынмен аяқтады. 

Ұлттық құрама сапында Мұхамедәлі Рахманәлі, Саттархан Назарбай, Артем Саркисян және Жанат Набиев бақ сынады. 

Бұл Қазақстан құрамасы қоржынына түскен 14-ші жүлде. Оның 1-і – алтын, 2-і – күміс, қалғандары қола медальдар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: