| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Фехтование
22 маусым 21:26
 

Қазақстандық қылышшылар Азия чемпионатында жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық қылышшылар Азия чемпионатында жүлде жеңіп алды ©

Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден 2026 жылғы Азия чемпионатында командалық жарыстар басталды.

blog.share

Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден 2026 жылғы Азия чемпионатында командалық жарыстар басталды.

Қазақстандық қылышшылар құрлық біріншілігінде үшінші орын алып, ел қоржынына кезекті медаль салды.

Турнир барысында Қазақстан құрамасы Иранды (45:33) және Өзбекстанды (45:43) жеңді. Алайда жартылай финалда қазақстандық спортшылар Олимпиада чемпиондары саналатын Оңтүстік Корея құрамасына 34:45 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде команда жарысты қола медальмен аяқтады.

Жүлдегерлер қатарында Артем Саркисян, Жанат Нәбиев, Нұрмұхаммед Жайлыбай және Назарбай Саттархан бар.

Айта кетейік, бұған дейін осы чемпионатта шпагашы Ирина Бакалдина алтын медаль жеңіп алса, Руслан Курбанов қола жүлдегер атанған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!