Қазіргі таңда Джакартада (Индонезия) семсерлесуден кадеттер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Кадеттер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы екі қола жүлде жеңіп алды.
Айбар Қайым қылыштасудан үшінші орын алды.
Сондай-ақ, семсерлесуден қыздар арасындағы командалық жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.
Ел намысын Дарья Самоделкина, Сабина Серикова, Полина Лесовская және Арина Наместникова қорғады.
Жарнама