Қазақстан құрамасы семсерлесуден 15-18 қазан аралығында Марокконың Касабланка қаласында өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысады.
Халықаралық жарыста қазақстандық спортшылар шпагадан ерлер мен әйелдер арасында жекелей және командалық сайыстарға қатысады.
Ерлер арасындағы жекелей сайыста Қазақстан намысын Нұржан Әбжанов, Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Алексей Касаткин, Аңсар Қасен, Руслан Курбанов, Богдан Лукин, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов және Георгий Тинников қорғайды.
Әйелдер арасындағы жекелей сайысқа Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, Софья Николайчук және Дарья Самоделкина қатысады.
Ерлер арасындағы командалық бәсекеде Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов өнер көрсетеді. Әйелдер құрамасының сапында Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, Софья Николайчук және Дарья Самоделкина бар.
Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден 2026 жылы Азия мен әлем чемпионатында және Азия ойындарында жеңімпаз атанды. Жапонияда өткен Азия ойындарында қазақстандықтар алтын медаль иеленсе, Кирилл Проходов жекелей сайыста күміс жүлдеге қол жеткізді.