Семсерлесу
10 қыркүйек 16:23

Кадеттер арасындағы Азия кубогінің алғашқы күнінде Қазақстан үш жүлде жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Өзбекстан астанасы Ташкентте кадеттер арасында семсерлесуден Азия кубогы басталды.

Ауқымды турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медальға қол жеткізді. Барлығы - қола жүлде.

Қыздар арасында қылышпен айқасудан Наиля Исхакова үздік үштікке енді. Ал Евгений Токанов пен Мансұр Естеу рапирамен семсерлесуде үшінші орын алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport