Семсерлесу
18 маусым 15:40

Екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңген отандасымыз сенсация жасады

©FIE

Семсерлесуден Балиде (Индонезия) басталған Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сапы жаттығуында сынға түскен отандастарымыздың арасынан Вадим Шарлаимов қола медальға қол жеткізді. 

Отандасымыз жарыс жолында сары құрлық додасының басты фавориті, Токио және Париж Олимпиадасының чемпионы Коки Каноны 1/4 финалда (Жапония) 15:14 есебімен жеңіп кетті.

Алайда жартылай финалда Азия чемпионатының екінші нөмірі Масару Ямадаға 7:15 есебімен жол берді.

Өзге спортшыларымыздың арасынан Руслан Курбанов ширек финалға дейін жетсе, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай 1/8 финалда сүрінді.

Айта кетейік, 2024 жылы да дәл осы сайыста Ерлік Сертай қола жүлде иеленген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport