Семсерлесу
29 сәуір 2025 15:17
 

Алматыда семсерлесуден Қазақстан чемпионаты аяқталды

  Пікірлер

blog.share

Алматыда семсерлесуден Қазақстан чемпионаты аяқталды ©ҚР ҰОК

Алматыда өткен семсерлесуден Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Турнирдің соңғы медальдары семсер қаруымен айқасуда сарапқа салынды.

blog.share

Алматыда өткен семсерлесуден Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Турнирдің соңғы медальдары семсер қаруымен айқасуда сарапқа салынды.

Ерлер арасында Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Вадим Шарлаимов жеңіске жетті. Күміс жүлдені Шымкент қаласының өкілі Эльмир Әлімжанов еншіледі. Қола медальдарды Шымкенттен Ғабиден Мұстафин мен Астанадан Александр Федотов иеленді.

Әйелдер арасындағы жарыста Алматы қаласының спортшысы София Николайчук топ жарды. Күміс жүлде Полина Лисовскаяға бұйырса, София Актаева мен Ульяна Писцова үшінші орынға тұрақтады. Барлық спортшы Алматының атынан өнер көрсетті.

Жарыстың жалпы командалық есебі бойынша бірінші орынды Алматы құрамасы иеленді. Екінші орын — Шымкентке, ал үшінші орын — Қарағанды облысына бұйырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!