Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатында қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды

©olympic.kz

Қазақстандық балуандар Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Диана Каюмова (59 келіге дейін) Ослода өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Отандастарымызды жеңген балуандар финалға шықты. 

Раимова жұбаныш белбесуінде моңғолиялық Давачимег Эрхэмбаярмен кездессе, Каюмова Шоовдор Баатаржавынмен жолығады. Бұл кездесулер 7 қазан күні өтеді. 

Еске салайық, әлем чемпионатының финалында 72 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Жәмилә Бақбергенова өнер көрсетеді. Оның қарсыласы жапониялық Масако Фуруити болады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар