Женская борьба
3 наурыз 2018 13:34
 
Жұлдыз Ешімова Азия чемпионатының қола жүлдегері

  Пікірлер

blog.share

Жұлдыз Ешімова Азия чемпионатының қола жүлдегері

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Жұлдыз Ешімова қола жүлде иегері атанды.

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Жұлдыз Ешімова қола жүлдені жеңіп, қоржынымызды кезекті жүлдемен толықтырды. 53 келіде сынға түскен отандасымыз алғашқы айналымда жергілікті қырғыз балуаны Мадина Надированы жеңіп, екінші белдесуде моңғол балуанына есе жіберді. Маңғол балуанының финалға шығуына байланысты отандасымыз қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алып, жұбаныш белдесуде өзбек спортшысын ұтса, қола жүлде үшін белдесуде тайпейлік балуанның мысын басты.

Айта кетейік, Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлде жеңіп, жалпы қомандалық есепте үздік үштікке кірді. Сондай-ақ кеше Эльмира Сыздықова да қола медальға ие болған еді.

Жарнама

Живи спортом!