Женская борьба
10 шілде 2019 12:21

Гузель Манюрова: Түркиядағы жарыстан қыздардың қаншалықты дайын екенін байқаймыз

© olympic.kz
12 шілдеде Түркияда әйелдер күресінен "Яшар Догу" Гран-при турнирі өтеді. Одан бқлек, жастар құрамасы Тайландта өтетін Азия чемпионатына қатысады. Федерация вице-президенті Гүзель Манюрова ҰОК сайтына сұхбат беріп, спортшылардың ірі жарыс алдындағы дайындығын пысықтады. 

"Түркиядағы турнир өз елімізде өтетін әлем чемпионаты қарсаңындағы үлкен сын болмақ. Осы бәсекеде қыздардың қаншалықты дайын екенін байқаймыз. Стамбулда Татьяна Ахметова, Айгүл Нұрәлім (53 келі), Марина Седнева, Зүлфия Яхьярова (55 келі), Эмма Тисина, Алтынай Сатылған, Назгүл Нұрахан (57 келі), Аяулым Қасымова (62 келі), Айна Теміртасова, Римма Рысаева (65 келі), Ирина Казюлина (68 келі), Екатерина Ларинова (72 келі), Эльмира Сыздықова, Гүлмарал Еркебаевалар (76 келі) қатысады.  Турнирге елордада, жастар құрамасымен бірлесіп дайындалдық. Жаттығу жиынына 50-ден аса спортшы қатысты. Жастарымыз Тайландқа ұшып кетті. Спортшылардың алдында үлкен мақсат тұр. Дайындығымыз жақсы", - дейді Манюрова.