Евро-2012
19 маусым 06:14

Түркия Еуро-2024 турнирінің топтық кезеңіндегі матчте Грузияны ұтты

©x.com/EURO2024

Футболдан Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысып жатқан Грузия құрамасы бірінші ойында жеңіске жете алмады. "F" тобындағы бірінші ойында олар Түркияға 3:1 есебімен жол берді. 

Ойында бірінші голды 25-минутта Мерт Мюлдір соқты. Араға 2 минут сала Кенан Йылдыз екінші голды соққан. Алайда ойыннан тыс қалғаны анықталып, есепке алынбады. 

32-минутта Грузия алғашқы жарысындағы тарихи голын соқты. Георгис Микаутадзе өз мүмкіндігін пайдаланып, таразы басын теңестірді. Грузияның Еуропа чемпионатындағы бірінші голын соқты. 

65-минутта "Реалда" ойнайтын Арда Гюлер алыстан тамаша гол соғып, Түркияны алға шығарды. Ойын аяқталар тұста Грузия есепті теңестіруге барынша ұмтылып, қақпашы Гиорги Мамарашвили де шабуылға шықты. Бірде қорғаушы, бірде қақпа бағаны Түркияны голдан құтқарып қалды. 

Қосымша уақыт та аяқталар сәтте Түркия футболшысы Керем Актюркоглу ойындағы есепті 3:1-ге жеткізді. Осылайша түріктер топтағы бірінші ойында 3 ұпайға ие болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport