Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы матчінде Германия құрамасы Шотландияны ойсырата ұтты, деп жазады Vesti.kz.
А тобындағы кездесу Мюнхендегі "Альянц-Аренада" өтіп, 5:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды.
Бундестим бірінші таймда-ақ 3:0 есебімен ұтып жатты.
Осы турнирдегі алғашқы голды Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц оныншы минутта салды.
19-минутта Кай Хаверцтің пасымен Джамаль Мусиал есепті еселеді.
Бірінші тайм соңында Кай Хаверц 11 метрлік айып добын сәтті орындады.
68-минутта тағы бір айып добын Никлас Фюллькруг қарсылас қапасына дәл жеткізді.
76-минутта Фюллькруг тағы бір гол салды, бірақ төреші офсайд болғандықтан оны есептемеді.
87-минутта Антонио Рюдигер өз қақпасына абайсызда автогол салып қойды.
Эмре Джан соңғы минуттарда Шотландия қақпасына тағы бір гол салып үлгерді.