Евро-2012
15 маусым 09:26
 

Өз қақпасына гол соғып қойды. Германия Еурода қарсыласын ойысарата ұтты

  Пікірлер

blog.share

Өз қақпасына гол соғып қойды. Германия Еурода қарсыласын ойысарата ұтты ©AFP

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы матчінде Германия құрамасы Шотландияны ойсырата ұтты, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы матчінде Германия құрамасы Шотландияны ойсырата ұтты, деп жазады Vesti.kz.

А тобындағы кездесу Мюнхендегі "Альянц-Аренада" өтіп, 5:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. 

Бундестим бірінші таймда-ақ 3:0 есебімен ұтып жатты. 

Осы турнирдегі алғашқы голды Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц оныншы минутта салды. 

19-минутта Кай Хаверцтің пасымен Джамаль Мусиал есепті еселеді. 

Бірінші тайм соңында Кай Хаверц 11 метрлік айып добын сәтті орындады. 

68-минутта тағы бір айып добын Никлас Фюллькруг қарсылас қапасына дәл жеткізді.

76-минутта Фюллькруг тағы бір гол салды, бірақ төреші офсайд болғандықтан оны есептемеді.

87-минутта Антонио Рюдигер өз қақпасына абайсызда автогол салып қойды. 

Эмре Джан соңғы минуттарда Шотландия қақпасына тағы бір гол салып үлгерді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!