Нидерланды С тобында бірінші болып плей-оффқа шықты

С тобында бірінші болып Нидерланды құрамасы плей-оффқа шықты. Олар Амстердамда өткізген екінші ойынында Аустрия құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

Ойындағы алғашқы голды пенальтиден 10 минутта Мемфис Депай соқты. Ал 67 минутта аустриялықтардың қателігін сәтті пайдалана білген Дензел Дюмфрис есепті еселеді.

Ойынның соңына дейін нидерландықтар басымдылықты сақтап қалды, соның арқасында олар С  тобында алты ұпаймен турнирдің плей-офф кезеңіне өтті.

21 маусымда Солтүстік Македония - Нидерланды, Украина - Аустрия ойындары өтеді.

Метки:
Жаңалықтар